Алғашқы көмек көрсетті

Алғашқы көмек көрсетті

2023 жылғы 14 наурызда сағат 10:20 шамасында елордалық «Алматы» ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде әскери топ бастығы – қатардағы  Бобомурад Юсупов, патрульші - қатардағы жауынгер Рустам Галимов  Қажымұқан – Петров көшелерінің қиылысында естүзсіз жатқан ер азаматты байқайды. Әскери топ бастығы қатардағы Бобомурад Юсупов  рациа арқылы баяндама жасап,   103 - жедел жәрдеміне қоңырау шалады. Сонымен қатар, тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медицина қызметкерлерінің көмегімен азаматтың өмірі құтқарылды.

Қызмет барысында тек қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, халыққа көмек көрсетуге тырысамыз. Біз бірінші болып көмекке келуіміз керек. Бұл біздің міндетіміз. Ең бастысы – адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Халықтың алғысынан артық ештеңе жоқ,- қатардағы Бобомурад Юсупов .

Оқиға барысында азаматтың аты - жөні белгілі болды. Қазақстан Республикасының М. есімді азаматы, есін жиғаннан соң әскери топ  жауынгерлеріне өз алғысын білірді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі