ЕЛОРДАЛЫҚ ҰЛАНДАР АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ҰЛАНДАР АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

2023 жылдың 12 наурызында Астана қаласының «Сарыарқа»  ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Кирилл Стержанов, патрульдік – қатардағы жауынгерлер Вадим Анохин және Слямхан Орынбасаров су айдынының еріген бетімен жүрген жасөспірімді Орталық саябақтың жанындағы Есіл жағалауында байқады.

Жасөспірім өзіне қауіп төндіргендіктен, сарбаздар жағымсыз салдардың алдын алу үшін оған жағаға шығуға көмектесу туралы шешім қабылдады. Не болып жатқаны туралы баяндамадан кейін қатардағы жауынгер Орынбасаров басшылық рұқсатымен жасөспірімге барып, оны қолына көтеріп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Онымен әңгімелесуден кейін 12 жасар Әлішер ұлының қоңырауы бойынша келген ата-анасына берілді, ал қатардағы жауынгер Слямхан Орынбасаров резервтен басқа патрульге ауыстырылды және қазіргі уақытта киім ауыстыру және жылыту үшін бөлімнің орналасқан жеріне жіберілді.

 

Баспасөз қызметі ҚР Ұлттық ұланы