2023 жылдың 7 наурызында «caravan.kz» газетінің ресми бетінде «Ақтаудағы балаларымызға құрттары бар балық беріледі» атты материал жарияланды.
Басылымда Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімдері туралы айтылады, онда әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізу кезінде мерзімді қызмет сарбаздары анонимді сауалнамаларда нашар тамақтануға шағымданады, оларды құрттары бар балықтармен тамақтандырғаны туралы айтылды.
Жеке құрам арасында сарбаздардың асханаларында тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша осы әлеуметтік сауалнамаларды әскери бөлімдердің қолбасшылықтары жүргізгенін хабарлаймыз. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тамақтануы бойынша әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері дөңгелек үстелде талқыланып, тамақтандыру қызметтерін ұйымдастырушы фирмалардың өкілдері шақырылды.
Бұдан басқа, әскери бөлімдерде өнім берушілердің қызметтерді жауапкершіліксіз орындау фактілерін, шарттық міндеттемелерді анықтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша жыл басынан бері бірқатар әскери бөлімдерде тамақтандыру қызметтерін жеткізушілер ауыстырылды.
«caravan.kz» басылымында келтірілген фактілер бойынша жоғарыда аталған әскери бөлімдерде қызметтік тексерулер жүргізіледі, олардың қорытындылары қосымша жеткізілетін болады.
ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі