Ұлттық ұланда әйел әскери қызметшілерді құттықтады

Ұлттық ұланда әйел әскери қызметшілерді құттықтады

Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов ерекше көзге түскен қызметкерлерді құттықтады. Ол погон киген нәзік жанды аруларды грамоталар, кеуде белгілер және медальдармен марапаттады.

Салтанатты шара 7 наурыз - мереке қарсаңында ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында өтті. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және 8 Наурыз  - Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне әскери қызметші әйелдер, ардагерлер, сондай-ақ өзара ықпалдастық жасайтын органдардың өкілдері марапаттар  және алғыс хаттармен марапатталды.

Бас қолбасшы өз тағдырын Ұлттық ұлан қатарындағы қызметпен байланыстырған барлық әйел әріптестеріне алғыс және құрмет сөздерін білдірді.

 - Құрметті әріптестер! Біз 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге және барлық бөлімшелерімізде қызмет ететін әйел қызметкерлерімізге ризашылық пен құрмет көрсетуге жиналдық. Бұл мереке қиын қызметті бала тәрбиесімен және отбасылық жайлылықты құрумен ұштастыратын әйел әріптестерімізге деген ризашылық сезімін тудырады. Өздерінің кәсіби, қызметтік міндеттерін адал орындауының арқасында олар Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов.

Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан қатарында 1000-нан астам әйел әскери  қызметші қызмет атқарады, Отанымыздың қоғамдық қауіпсіздігі үшін ерлермен қатар ауыр әскери қызмет атқарады және осы ер адамның кәсібінің барлық қуаныштары мен ауыртпалықтарымен бөліседі. Екі жүзден астам әскери азаматшалар офицерлік қызметте Отан алдындағы қасиетті парызын орындауда.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі