AFL шағын футбол лигасында ҚР Ұлттық ұланының командасы екі дүркін чемпион атанды

AFL шағын футбол лигасында  ҚР Ұлттық ұланының командасы екі дүркін чемпион атанды

Елордада шағын футболдан Астана қаласының әуесқой командалары арасында кезекті турнир аяқталды.

2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін Астана қаласының әуесқой командалары арасында AFL (Astana Futbol Ligasy) іс-шаралар күнтізбесі аясында паркетте шағын футболдан бірінші лига турнирі өтті.

Бұл біріншілікке 70-тен астам команда қатысты. Ұлттық ұланының «Ұландықтар» құрама командасы 1-ші лигада бірінші жалпы командалық орынды иеленді және жарыс регламенті бойынша автоматты түрде келесі маусымда өнер көрсететін AFL жоғары лигасына көтерілді.

Бұл жарыстың мақсаты - шағын футболды дамыту және насихаттау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық жарыстарға тарту, бірлік пен мүдделер ортасын құру болды.

Лигадағы үздік атақ үшін 12 команда күресті. Нәтижесінде «Ұландықтар» командасы 35 ұпай жинап, қарсыластарының қақпасына 62 гол соқты, бұл AFL жоғары лигасына ауысумен бірінші лигада сөзсіз көшбасшылықты қамтамасыз етті.

– «Ұландықтар» командасын қысқы лигадағы жеңісімен және олардың AFL жоғары лигасына өтуімен құттықтаймын. 16 ойын барысында ұландықтар алаңда өздерін лайықты көрсетті. Оларға алаңда және өмірде сәттілік пен болашақ жеңістер тілеймін, - деп құттықтады AFL турнирінің бас төрешісі Сергей Попов.

Финалда ойнаған командаларға Кубоктар, дипломдар және естелік медальдар берілді. Жалпы, біріншілік жоғары деңгейде өтті, футболшылар әдемі ойын көрсетіп, командада қызу ойын ұйымдастыра білді.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі