Ұландықтар суицид жасамақшы болған әйелді құтқарды  

Ұландықтар суицид жасамақшы болған әйелді құтқарды   

4 ақпанда Петропавлда сағат 20.10 шамасында Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдік-постылық қызмет өткеру кезінде Ш. Уәлиханов көшесінде тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен секірмек болған әйелді байқады.

Ұландықтар аумақты дереу қоршап алып, азаматшаны құтқару үшін жедел шаралар қабылдады.

- Біз көшеде қызметте жүріп, тұрғын үйдің 3 қабатынан секірмек болған азаматшаның іс-әрекеті туралы хабардар болдық. Мен бұл туралы дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарладым. 102-ге қоңырау шалып, уақытты созу мақсатында оны секіру туралы ойынан айнытуға тырысыпкелісімге келдік. Осы кезде жұбайы оны пәтерге кіргізіп үлгерді, - деді патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Иван Шалавин.

Оқиға барысында азамат зардап шеккен жоқ, салдары мен себептері анықталуда.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі