Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған 4 жасар баланы ата-анасына қайтарды

Нұр-Сұлтанда ұландықтар жоғалған 4 жасар баланы ата-анасына қайтарды

13 наурыз күні сағат кешкі 20.15 кезінде Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында 4 жасар бала жоғалғаны туралы ақпарат тарайды.

Ұлттық ұланның елордалық құрамасының әскери жасағы бірден іздестіру жұмыстарына кіріседі. 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Александр Видергольд, Бауыржан Ермекбаев және Дияс Нұрланов Конституция көшесінде орналасқан «Хива» мейрамханасы маңынан хабарламада айтылған белгілері ұқсас баланы байқайды.

Сарбаздар оқиғаны дереу патрульдік топ бастығына баяндап, көп ұзамай адасқан баланың ата-анасымен байланысқа шығады. Баласымен аман-есен қауышқан олар жедел әрекеттері мен көмектері үшін Ұлттық ұлан сарбаздарына алғыс білдірді.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі