Олимпиада чемпионы ұландықтарды құттықтады

Олимпиада чемпионы ұландықтарды құттықтады

2023 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрылғанына 31 жыл толуын атап өтуде. Ұландықтар үшін айтулы күні бокстан Олимпиада чемпионы (Лондон-2012) Серік Сәпиев елордалық құқық қорғау әскерлерінің жауынгерлерін құттықтады.

5573 әскери бөлімінің офицерлері, сержанттары мен сарбаздарынан күн сайын 1200-ге жуық әскери қызметші – Астана қаласының көшелерінде күн сайын қоғамдық тәртіпті және іс-шаралар кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жалпы ел бойынша – республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында Ұлттық ұланның 5000-нан астам әскери қызметшісі жауынгерлік қызметке шығады, қылмыстарға тосқауыл қояды, заңсыздықтардың алдын алады.

Әскери жасақтар бойынша кезекші капитан Берік Енботаев пен қатарындағы бес патрульші үшін қызмет атқару орнына чемпионның арнайы келуі тосынсый болды. Әскери жасақтар бұл кеште Ақорда маңындағы Триатлон саябағында қызмет атқарып жүрген болатын, ал офицер олардың қызмет атқару барысын тексеруге келген еді.

«Сіздер елорда тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын сақтайсыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Отан алдындағы міндетін атқаратын әрбір сарбаздің үйіне аман-есен оралуын, ал ата-аналарға ұлдарын күтіп, жетістіктерін мақтан тұтуын тілеймін. Сондай-ақ офицерлер мен сержанттардың отбасыларына, сондай-ақ құқық қорғау әскерлерінің ардагерлеріне зор денсаулық, отбасылық амандық және бейбіт аспан тілеймін!», – деді Серік Жұманғалиұлы өз құттықтауында.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі