
15 желтоқсанда сағат 20.30 шамасында Әл-Фараби ауданындағы Бостандық көшесі бойында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің әскери жасағына баласын іздеуде көмек сұрап азаматша келді.
Патрульдік топтың бастығы ефрейтор Дастан Балтабай «Нанита» атты қызметтік иті бар кинологиялық қызметінің маманы ефрейтор Дәурен Маратовты іздеуге қосты.
Қызметтік ит баланың қалпақшасының көмегімен ізін алып, әскери киімді «Шымкент Плаза» ойын орталығының жанындағы «Али Донер» дүкеніне алып келді. Жоғалған сонда табылды.
Азаматша әскери қызметшілерге қызметті мұқият атқарғаны үшін зор алғысын білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі