Ұландықтар штаттық қарудан ату турниріне қатысты

Ұландықтар штаттық қарудан ату турниріне қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің базасында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында штаттық қарудан оқ атудан турнир өткізілді. 

Аталмыш жарысқа, Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімі, Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша прокуратура қызметкерлері қатысты.

Турнир барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеңіске деген ерік жігерін көрсетіп, өз командасы үшін аянып қалмады.

Тартысты өткен турнирдің қортындысы бойынша Полиция департаментінің құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің құрамасы иеленді, ал үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаментінің құрамасы қанағат тұтты.

Айта кетейік Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, штаттық қарудан ату турнирі кезінде  жеке біріншілікте де жоғары нәтижелер көрсетті.

Ерлер арасында бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің полиция подполковнигі Бекчентаев Вадим Валерьевич жеңіп алды, екінші орынды 5517 әскери бөлімнің офицері майор Абдрахманов Роман Маратович иеленді, ал үшінші орынға Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметінің полиция аға лейтенанты Маратов Аблай Алібекұлы қол жеткізді.

Әйелдер арасында орындар келесідей бөлінді: 1 - орын Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің полиция майоры Мажитова Дариға Тлекқызы, 2 - орын Экономикалық тергеу департаментінің офицері майор Куликова Ольга Каржаубаевна, 3 – орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаментінің офицері майор Нуртазина Айгуль Галимовна иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі