Елордада ұландық жауынгерлер өртенген үйден үш газ балонды алып шықты

Елордада ұландық жауынгерлер өртенген үйден үш газ балонды алып шықты

Кешкісін 6 наурызда құрамында әскери жасақ бастығы Арман Бақдәулетов, патрульшілер Ерген Өмірзақ пен Нұрбек Ораз бар  Ұлттық ұлан жасақ әйелдің адамның көмек сұраған дауысын естиді. Сол сәтте жедел оқиға орнына аттанған ұландықтар Балқантау көшесінде өртенген үйді көреді. Уақытты жоғалтпаған әскери жасақ өрт орнын қоршауға алып, 101 нөміріне хабарласып, өрт сөндіруге кіріседі. Арада бес минут өтпей оқиға орнына әскери жасақ бойынша кезекші капитан Жеңіс Құрамысов келіп, қаруластарына өртенген үйден үш газ баллонды алып шығуға көмектесмеді.

Жарты сағаттан кейін келген өрт сөндіруші экипаж әскерилермен бірге тілсіз жауды ауыздықтайды.

Жедел әрі батыл қызметі үшін үй иесі әскери жасаққа алғысын білдірді. Алдағы уақытта әскери қызметшілер Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімі командирінің құқығымен марапатталатын болады.