
Өскемен қаласының полиция жедел басқару орталығының «102» каналына қала тұрғыны қоңырау шалып, көмекке жүгінген.
Оның айтуынша, сағат 19.00 шамасында «Белый аист» дәмханасынан белгісіз адам құны 130 мың теңгеге жуық ұялы телефон мен кассадан ақшалай қаражат ұрлап кеткен.
Аталған оқиғаға орай Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің жауынгерлері күдіктіні жедел іздестіру іс-шаралар ұйымдастырады.
Әскери жасақтар кезекшісі капитан Еркебұлан Ерланұлы, патрульдік топ бастығы кіші сержант Жасқанат Жармұханбетов және патрульшілер Айбек Ерғазыев пен Диас Төлеухановпен бірге Қазақстан көшесі бойындағы іргелес аумақтарды шолу кезінде шұғыл ақпараттағы күдіктіге ұқсас ер адамды ұстайды.
Куәгерлердің қатысуымен оның қалтасынан ұрланған телефон табылып, тәркіленді. Ұсталған адам мән-жайды анықтау үшін Ертіс полиция бөліміне жеткізілді.
Аталмыш факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1-бөлігі — «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі