3-4 желтоқсан аралығында Петропавл қаласының спорт мектеп-интернатында халықаралық дәрежедегі спорт шебері капитан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған курсанттар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының чемпионаты өтті.
Қоян-қолтық жекпе-жектен турнирге 8 құрама командадан 70-тен астам курсант қатысты. Турнир алтыншы рет өткізілді. Қатысушылар арасында түрлі республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Азамат Нұрпейісов - кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2009 жылы Италияда және 2013 жылы Түркияда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, 2011 жылы Ирландияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогына қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің жеңімпазы.
Азамат соңғы күндерге дейін арнайы күштерге, өз еліне қызмет етті, спортпен және өзінің арманымен ажырсапады: ол арнайы күштердің ең жоғары марапаты – крап беретке қол жеткізу болды. Бұл маңызды мақсатқа жету жолын ауыр ауру тоқтатты…
Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жеті салмақ дәрежесінде өткізілді. Ыстық шайқастарда, бірақ кейде тең емес жекпе-жектерде жеңімпаздар анықталды: 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 6 оқу ротасының курсанты Ақжол Ақылша чемпион атанды; 62 келіге дейін 5 оқу ротасының курсанты Аманбек Рахметов; 67 келіге дейін 5 оқу ротасының курсанты Еламан Асқарұлы; 73 келіге дейін 6 оқу ротасының курсанты Жомарт Тұрсын; 80 келіге дейін 5 оқу ротасының курсанты Ғаламат Марат; 88 келіге дейін 2 оқу ротасының курсанты Жарқын Мұратқажы; 88+ келіде 1 оқу ротасының курсанты Нияз Зубаиров.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды 3 оқу батальонының 5 оқу ротасының құрама командасы иеленді.
ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі