Атырауда ерлік сабағы өтті

Атырауда ерлік сабағы өтті

22 қараша күні Ұлттық ұландықтардың ұйымдастыруымен Атырау қаласының №3 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» өткізілді.

Аталған іс-шараға 5546 әскери бөлімі 2 жедел мақсаттағы рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Бабыржан Батиров және жастар бастамасы орталығының сарбаздары қатардағы жауынгерлер Жасұлан Самигуллиев пен Әлішер Келдібаев қатысты.

- Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтау ісіне ерекше назар аудару қажет. Жастардың бойында мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ ата-бабаларын еске алу, ұрпақтар сабақтастығы және өз халқының салт-дәстүрлерін мұра ету алдындағы жауапкершілік сезімінің негізін қалау – бәрімізге ортақ міндет, - дейді аға лейтенант Бабыржан Батыров.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі