Жаңаөзенде ұландықтар ер адамды есірткі заттарымен ұстады

Жаңаөзенде ұландықтар ер адамды есірткі заттарымен ұстады

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өзімен бірге есірткі заттары бар ер адамды ұстады.

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қорғау жөніндегі қызметті атқару кезінде ер адам ұсталды. "Көктем" шағын ауданында әскери жасақ пен тәртіп сақшыларын көрген ол өзін күдікті ұстап, әскери жасақтың көзіне түсіп қалады.

Әскери жасақтың "Джек" атты қызметтік иті ұсталған адамның курткасының қалтасын көрсетті. Ер адамды жеке басын анықтау үшін полиция басқармасына жеткізді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ильяр Нұрахметов пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Наурызбай Төлен мен Қуанар Нағашыбаев учаскелік полиция инспекторының қатысуымен тексеріс кезінде күртешенің қалтасынан целлофан пакетте ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат табылып, тәркіленді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі