Таразда шағын футболдан турнир өтті

Таразда шағын футболдан турнир өтті

11-12 қараша аралығында Тараз қаласының Динамо ДШСО аумағында Жамбыл облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

Турнир полиция капитаны Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне орай өткізілді. Турнирге әртүрлі күш құрылымдарынан 15 команда қатысты.

Ұлттық ұлан атынан 5513 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бастығы аға лейтенант Бекзат Залмаханбет басқарған команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, Жамбыл облысы Полиция департаментінің командасы чемпион атанды. Екінші орынды Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы иеленді. Ал Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшінші орынды жеңіп алды.

"Үздік қорғаушы" номинациясында 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Абдужамал Шаменов марапатталды.

Турнирдің барлық қатысушылары кубоктармен, медальдармен және естелік грамоталармен марапатталды.

«Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі