
27 ақпанда кешкі уақытта 10-нан аса автокөлік Қарағанды-Теміртау тас жолындағы қатты боранның кесірінен қар құрсауында қалып қойған болатын. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық ұланның Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінің жауынгерлері тартылған болатын.
Көліктерді эвакуациялауға пәрмен келіп түскен сәтті тас жолға жоғары өтімділігі бар «Урал» автокөлігі шықты. Темір арқанның көмегімен ұландықтар төтенше жағдайлар мамандарының көмегімен жеңіл көліктерді, арасында спринтерді бір бірлеп шығара бастады. Бір сағаттың ішінде ұландықтар 10 көлікті, 33 адамды қардан құтқарды.
ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі