Әскери прокуратураның Ұлттық ұландағы «Заң керуені» аякциясы аяқталды

Әскери прокуратураның Ұлттық ұландағы «Заң керуені» аякциясы аяқталды

8 қараша күні Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде Орталық аймағы әскери прокуратурасының «Заң керуені» атты акциясы аясындағы жұмысы аяқталды.

«Заң керуені» акциясы әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне жедел құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, прокуратураның құқық қорғау функциясын іске асыру, өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында өткізілді.

Акцияға Орталық аймағының прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов жетекшілік етті.

Айта кетерлік, қазан айының 30 мен қараша айының 8-і аралығында аталмыш акция Қарағанды гарнизонының Қарулы күштері, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдай департаменті мен Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде  толықтай қамтылды.

Жұмыс барысында акция ұйымдастырушыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қанат Беляков құзырлы органға Ұлттық ұлан әскери құрылымының тарихы мен атқарылатын қызметі жайлы баяндады.

Акция барысында әскери қызметшілер өзара пікір алмасып, әкімшілік маслихатының, денсаулық сақтау, тұрғын үй қатынастары, халықты жұмыспен қамту және өңірдің әлеуметтік бағдарламалары органдарының өкілдерінен қызмет барысына байланысты сұрақтарына жауап алды.

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі