Қостанайда Ұлттық ұланның қызметтік иті есірткі тапты

Қостанайда Ұлттық ұланның қызметтік иті есірткі тапты

8 қарашада Қостанай қаласының ҚК есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі көмек көрсету үшін Ұлттық ұланның 6697 әскери бөліміне жүгінді. Іздеу шараларын жүргізу үшін есірткі іздейтін ит пен ит баптаушы-кинолог тартылды.

Сағат 12.00-де Карбышев көшесіндегі бір азаматтың пәтерін тексеру кезінде ит үстел үстін нұсқайды, онда салмағы 100 г ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат табылды.

- Біз есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің құрамында жұмыс істедік, оларға көмек көрсеттік. "Джек" атты қызметтік ит пәтерді аралап, үстелдің жанында болған қара пакетті көрсетті, - дейді аға сержант Сергей Абросимов.

Ұсталған ер адам Қостанай қаласының ПБ-на жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

"Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі