Елордалық ұландықтар смартфонды жасөспірімдерге қайтарды

Елордалық ұландықтар смартфонды жасөспірімдерге қайтарды

8 қараша күні кешкі сағат 21.30 шамасында "Есіл" ауданында қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдік топтың бастығы кіші сержант Ертай Тұрлыханов пен патрульдік қатардағы жауынгер Кирилл Стержановқа екі қыз жүгінді. Олардың бірі "Iphone" 11 маркалы телефонын жоғалтып алғанын айтады.

Кіші сержант Ертай Тұрлыханов жағдайды басшылыққа ала отырып, әскери жасақтарды хабардар етіп, қыздың ұялы нөміріне өзі қоңырау шалып тексермек болады. Телефон "Барыс-Аренаның" басты кіреберісінде тұрған және телефон иесін өз бетінше іздеген 10 жасар баланың қолында болған.

Әскери жасақ қыздың шынымен смартфонның иесі екеніне көз жеткізіп, телефонды тапсырып, балаға алғысын білдірді.

Қыздар өз кезегінде елордалық бригада әскери қызметшілеріне қызметтеріне адалдық пен жауапкершілік танытқандары үшін алғыстарын білдірді.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі