
27-30 қазан аралығында Тәжікстан астанасы Душанбеде аралас жекпе-жектен (ММА) Азия чемпионаты өтті.
Құрлықтық біріншілікке 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстанның ММА бойынша ұлттық құрамасының 37 мүшесі өнер көрсетті.
Жартылай финалға шығу үшін 20 қазақстандық жауынгер жекпе-жекке түсіп, 13-і кездесуді жеңіспен сәтті аяқтады.
Ұлттық ұланға қарасты 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Белгібай Әділбек құрама құрамында 70,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иегері атанды. Соңғы жекпе-жекте ұландық жауынгер тәжік спортшысы Масуд Одинаевқа есе жіберді.
Чемпионат нәтижесінде Қазақстан қоржынына 7 алтын, 8 күміс және 10 қола медаль қосылды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі