
Канаданың Монреал қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде Қазақстанның ерлер командасының құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өнер көрсетті.
Монреал қаласында өткен шорт – тректен әлем кубогының кезеңінде Қазақстан командасы ерлер эстафетасынан күміс жүлдегер атанды. Құраманың арасында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің мерзімдік әскери қызметшілері қатардағы жауынгер Қажғали Нұртілек пен Галиахметов Адиль өз өнерлерін көрсетті. Біздің спортшылар 5000 метрлік эстафетаға сайысқа түсіп 07:07 көрсеткіш нәтижесімен 2-орынды иеленді. Ал бірінші орынды Оңтүстік корея спортшылары 07:01 көрсеткіш нәтижесімен жеңіп алды.
Бұл біздің еліміз үшін көптен күткен жүлде. Соңғы рет ерлер эстафетасында осыдан бес жыл бұрын 2017 жылы әлем кубогында қола медаль еншілеген еді. Айта кетейік жарысқа әлемнің 20 елінен 100-ге жуық спортшылар қатысып өз ара бақ сынасты.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, әріптестерін тұғырлы жеңістерімен шын жүректен құттықтап алдағы сайыстарда жеңісті күндерінің жалғасуын тіледі.
ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі