Ұландықтар газдың ағып кетуіне бөгет болды

Ұландықтар газдың ағып кетуіне бөгет болды

Петропавлда Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тұрғын үйлердің бірінің жанында табиғи газдың ағып кетуіне жол бермеді

20 қазан күні сағат 20.15 шамасында Е. Брусиловский көшесінде патрульдеу кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Иван Шалавин, Никита Корнеев және Нұрасыл Оралхан қызмет атқару барысында өткір газдың иісін сезеді.

Иісті сезген бетте  байланыс құралдары арқылы бірден кезекшіге хабарладық. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметі де шақырылды. Басшылықтың нұсқауымен, қауіпсіздік үшін газдың ағуы ықтимал периметрді қоршауға алуды ұйымдастырдық, - дейді қатардағы Иван Шалавин.

10 минуттан кейін оқиға орнына апаттық қызмет келіп, газдың ағып кетуі қаупін жойып, әскери қызметшілерге қызметтегі қырағылығы мен жауапкершілігі үшін алғыс айтты.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі