Ұлттық ұланда ардагерлер ұйымының өкілдерімен кеңес өтті

Ұлттық ұланда ардагерлер ұйымының өкілдерімен кеңес өтті

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың төрағалығымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың әскери қызметшілерімен және Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының Ардагерлер кеңесінің төрағаларымен кеңес өткізілді.

Кеңеске сондай-ақ Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, оның орынбасары полковник Мұрат Жантеміров, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының бастығы полковник Александр Крамар қатысты.

Кеңесте Ардагерлер кеңесінің әскери бөлімдер қолбасшылығымен жеке құрамды патриоттық тәрбиелеуде өзара іс-қимыл мәселелері, ардагерлер жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Ардагерлер кеңесі төрағаларының өңірлердегі ардагерлер ұйымдарының жұмысын жақсарту, олардың мәртебесі мен жағдайын өзгерту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.

- Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесі Ішкі істер органдарының ардагерлер ұйымының маңызды бөлігі болып табылады және өзінің тарихында он жылдан астам көптеген игі істер атқарады. Бұл өз тәжірибесін беру, әрбір әскери қызметшіге жеке көзқарас, сарбаздарды, сержанттар мен жас офицерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Ардагерлер барлық санаттағы жеке құраммен іс-шараларды өткізуге үлкен ынтамен қатысады. Бұл мерекелік іс-шаралар да, әскерлердің, бөлімдердің атаулы күндеріне арналған іс-шаралар, жас толықтырулармен әскери ант қабылдау, бөлімдердің құрылу күндері, Ашық есік күндері, жауынгерлік қызмет және оқу шеберлерін құрметтеу кештері, - деп атап өтті ардагерлер ұйымдарының маңыздылығы туралы генерал-майор Еркін Ботақанов.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық ұланының ардагерлер ұйымы 35 бастауыш ұйымнан тұрады, олардың есебінде 4,5 мыңнан астам ардагер бар. Оның ішінде 9 тыл еңбеккері, тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен АДР – 55 жауынгер-интернационалистері- 50, "чернобыльдықтар" – 7, мүгедектер-51 адам.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі