Өскеменде ҚР күш - құрылымдарының командалары арасында самбодан спартакиада өтті

Өскеменде ҚР күш - құрылымдарының командалары арасында самбодан спартакиада өтті

Өскемен қаласында 13-15 қазан күндері Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы ІІМ 9-шы спартакиадасы аясында самбо күресінен турнир өткізілді. Аталған іс-шара "Жекпе-жек" спорт сарайында ұйымдастырылды.

Жарысқа полиция департаменттерінің 19 командасы және құқық қорғау органдарының, Күштік және басқа да арнайы құрылымдардың 11 командасы қатысты.

Екі күн ішінде күш пен ептілікте күш - құрылымдар мен құқық қорғау органдарының 200-ден астам өкілдері бақ сынасты.

Жарыс нәтижелері бойынша келесі командалар топ жарды. Бірінші орынды ҚР ҚМ Орталық спорт клубының командасы иеленсе, екінші орындық тұғырғы ІІМ құрамасы көтерілді. Ұлттық ұланның спортшылары үздік үшттікке кірді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі