Спорттық радиопеленгация сайысында ұлттық ұлан офицері жүлдегер атанды

Спорттық радиопеленгация сайысында ұлттық ұлан офицері жүлдегер атанды

Бурабайда спорттық радиопеленгациядан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына ШҚО, СҚО, БҚО-нан және елордадан 45 байланысшы қатысты.

Жарыста бақ сынаған Ұлттық ұлан өкілі капитан Төлеген Асхатов М-21 және одан жоғары санаттарда өнер көрсетті. Ол аталмыш додада «Foxoring» пәні бойынша ІІ орын; «Радио көпсайысынан» да ІІ орын; «Классика – 3,5 МГц» бағытнда ІІІ орындарды илендіОсы үш байқаудың қорытындысы бойынша жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші және үшінші орындарды Шығыс Қазақстан облысының спорт шеберіне үміткер 23 жастағы Андрей Семенов пен 76 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Кочергин иеленген

Ұлттық ұлан офицері «Спорттық радиопеленгация» бойынша да, «Жылдамдық радиотелеграфиясы» бойынша да Қазақстан құрамасында қатарындаТөлеген сайысқа Ұлттық ұлан Академиясының курсанты кезінде Солтүстік Қазақстан облысынан жіберілген. Облыстық және республикалық кезеңдерден сәтті өтіп, Қазақстан құрамасына қабылданған жас офицер әлемдік аренада ел атынан өкілдік етуге мүмкіндік алады

2015 жылы капитан Төлеген Асхатов алғаш Македонияда Қазақстан құрамасының құрамында жылдамдық радиотелеграфиясы бойынша XII Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Содан кейін Охрид қаласында 19 елден 102 спортшы қатысқан чемпионатта біздің құрама 9 орынды иеленді.

Бұған дейінгі сайыстарда жнақтаған зор тәжірибемнің жемісін әлі күнге дейін көріп келемінОсы жылы бірінші орынға ұпайым сәл жетпей қалды. Бірақ бұл – жеке дағдыларды жетілдіруге және нәтижені одан әрі арттыруға ынталандырады, – дейді капитан Асхатов.

Айта кетейік, бұл спорт сыни ойлауды дамытады, картамен жұмыс істеуге, жер бедерін бағдарлауға үйретеді, сондай-ақ физикалық төзімділікті шыңдайды

Бүгінгі таңда радиоспорт кңбелең алып, жастардың қызығушылығын арттыруда. Әскери-техникалық спорттың осы түрін жетік меңгерген ардагерлер олармен өз тәжірибелерімен бөлісіп жүр

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі