
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың төрағалығымен Әскери кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа бас басқармалар мен басқармалардың, орталықтардың және дербес бөлімдердің бастықтары қатысты.
Өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, Ұлттық ұлан Академиясының бастығы, әскери бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ әскери полиция қызметтерінің бастықтары отырысқа онлайн-режимде қосылды.
Әскери кеңесте ағымдағы жылдың 9 айындағы әскердің қызметтік-жауынгерлік қызметі қорытындыланып, алдағы кезеңге міндеттер қойылды.
Бас қолбасшы орынбасарлары бөлімдер мен бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін ұйымдастыру, кадрларды нығайту, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша мәселелер көтерді.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов пен Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов баяндама жасады.
Күрделі құрылыс және тұрғын үй басқармасының бастығы полковник Руслан Қасенов әскери қалашықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың жылу беру маусымына дайындығы жайлы баяндады.
Отырыс барысында өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің басшылық өкілдері тыңдалып, оларға елеулі кемшіліктер жасалды
Әскери кеңес шешімімен әскери бөлімдер қолбасшылығы ішінен бірқатар лауазымды тұлғалар орындарынан босатылып, жекелеген командирлер мен бастықтарға тәртіптік жазалар жарияланды.
Отырыс барысында әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл ретте жеке құрамды оқытуға және тәрбиелеуге, бөлімшелерді жауынгерлік үйренуге және үйлестіруге, төтенше және кризистік жағдайларда кәсіби іс-қимылдарға басты назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша басшылық ету және орындау үшін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерге жіберілетін қаулы қабылданды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі