РЕСМИ АҚПАРАТ

РЕСМИ АҚПАРАТ

2022 жылғы 20 қыркүйекте «Instagram» әлеуметтік желісі парақшасында 6655 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы А.К. Кеңесбектің әкесі ұлына қатысты күш қолданғаны туралы жолдаған бейне үндеу жарияланды.

Аталған сарбаз  Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен әскер қатарына шақыртылған.

Жоғарыда көрсетілген факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалып, әскердің Бас қолбасшылығының қадағалауына қойылды. Сондай-ақ  ҚР ІІМ  Батыс өңірінің ӘТБ Ақтөбелік бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Басқа да ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу  аяқталған дейін жарияланбайды.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі