Бүгін Бас қолбасшылықта Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримовты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.
Альберт Полатовичтің құрметті демалысына шығуына орай Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында құрмет көрсету кеші өтті.
Мереке иесін құрметті демалысқа шығуымен құттықтауға әскер басшылығы, қызметтегі әріптестері мен жақын туыстары жиналды. Кеш жүргізушілері генерал-майор А. Маткаримов қызметінің барлық кезеңдері экранда слайдтық сүйемелдеумен көрсетілді.
П.С. Рыбалко атындағы Ташкент жоғары танк командалық училищесінің курсантынан, взвод командирі, батальон командирінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасарына дейін, лейтенанттан генерал-майорға дейін, Қарулы Күштер мен құқықтық тәртіп әскеріндегі қырық жылдан астам қызмет еткен талайлы тағдыры айтылды.
Одан кейін келген қонақтар мереке иесін құрметті демалысқа шығуымен құттықтады. Құрметті қонақтар: Ішкі әскерлердің бұрынғы қолбасшысы генерал-лейтенант Болат Жанасаев, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов, Төтенше жағдайлар Министрлігі Комитеті бастығының орынбасары генерал-майор Ұларбек Әбікеев, сондай-ақ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының басшылығы құттықтауларын арнады.
Ұлттық ұланның жеке құрамының атынан Альберт Полатовичті ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов құттықтады.
- Танк училищесінің курсантының жолын генералға өту бәріне бірдей беріле бермейді. Сіздің мұрағаттық фотосуреттеріңізге қарап, сіз өзіңіздің жауынгерлік міндеттеріңізді абыроймен орындадыңыз деп сеніммен айтуға болады. Әр жылдары әр түрлі деңгейдегі бөлімшелерді басқара отырып және қызметтік тәжірибе мен даналыққа ие бола отырып, сіз өзіңіздің шынайы кәсібилігіңіз бен жоғары жауапкершілігіңізді көрсеттіңіз. Бүгін Сіз біздің жүйемізден кетпейсіз, әрі қарай да әскери біліміңізді ұландықтардың жаңа буынына беруді жалғастыратын боласыз, – деп атап өтті Еркін Советбекұлы.
Салтанатты кеш генерал – майор Альберт Маткаримовтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Жауынгерлік туымен қоштасу іспетті жақсы офицерлік дәстүрмен аяқталды.
Бір сөзбен айтқанда, Альберт Полатович өз қызметін абыроймен өтті. Оның басшылығымен көптеген іс-шаралар дайындалды және өткізілді. Олар тұтастай алғанда құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға ықпал етті. ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені және КСРО мен Қазақстан Республикасының жиырмадан астам медальдарымен марапатталды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі