
20 тамызда Көкшетау қаласында патрульдік қызметті атқару барысында Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің әскери жасағы сағат 22.30 шамасында Ғабдуллин 70 көшесінде күдікті азаматты байқап, тоқтатады.
Әлгі азамат әскери қызметшілерді көріп, қашып кеткісі келген екен.
Ұсталған кезде 1995 жылғы азаматтың қалтасында 3 пакет "Трамадол", 2 пакет, "тропикамид" және 2 шприц бар екені белгілі болды.
- Біз патрульдеу бағытын айналып өтіп, аудандардың бірінің аулаларында күдікті азаматты байқадық. Құжаттаманы тексергіміз келді, ол қашқысы келген еді біз оны ұстап алдық, - дейді әскери жасақ бастығы қатардағы Мағжан Болатбек.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі