Таразда Ұлттық ұлан жауынгерлері есірткі заты бар ер адамды ұстады

Таразда Ұлттық ұлан жауынгерлері есірткі заты бар ер адамды ұстады

Таразда Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өзімен бірге есірткі заты бар ер адамды ұстады.

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде әскери жасақ "Самал" шағын ауданында өзін күдікті ұстаған ер адамды ұстайды.

Ер адамды жеке басын анықтау үшін полиция басқармасына жеткізеді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Достан Зульмураев пен патрульшілер учаскелік полиция инспекторының қатысуымен күдіктінің шалбарының қалтасынан жасыл түсті ерекше иісі бар, целофан пакетіне оралған зат табылып, тәркіленді.

Іс белгіленген тәртіп бойынша тіркелді.

 

"Оңтүстік"ӨңҚ баспасөз қызметі