
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана" саябағында ересектердің қарауынсыз жүрген жөсөспірімді байқады.
14 тамызда патрульдеу бағытында қызметін атқарып келе жатқан әскери жасақ ересектердің қарауынсыз жылап тұрған қызды табады.
Патрульдік топтың бастығы аға сержант Тоқтар Бекетай патрульшілер қатардағы жауынгер Расул Байғалимен бірге бұл туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге баяндады.
10 минуттан кейін әскери қызметшілер баланың анасын тауып, қызды тапсырады. Әйел ұландық жауынгерлерге әскери қызметті қырағы атқарғаны үшін алғысын айтты.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі