Елордада Ұлттық ұлан жауынгерлері бір кеште жоғалған баланы жақындарына қайтарып, жоғалған смартфонды иесіне табыстады

Елордада Ұлттық ұлан жауынгерлері бір кеште жоғалған баланы жақындарына қайтарып, жоғалған смартфонды иесіне табыстады

Бір кеште Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жоғалған баланың анасына қайтарды, сондай-ақ сол кеште жоғалтып алған ұялы телефонын тауып, иесіне табыстады.

12 тамызда сағат 19.30 шамасында "Байқоңыр" ауданында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызмет атқару кезінде қатардағы жауынгер Әділхан Құрмашев пен патрульшілер Елнұр Саттыбаев пен Сергей Васильев бастаған әскери жасақ жолда жылап тұрған баланы байқады.

Ұландықтар бұл туралы жақын маңдағы әскери жасақтарға хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшылары ұлын іздеп жүрген азаматшаны көреді.

Әскери жасақ азаматшаның осы баланың анасы екеніне көз жеткізіп, оны анасының қолына береді. Баланың анас өз кезегінде сарбаздарға қырағылық пен елжандылықтары үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ, осы уақытта Триатлон паркте патрульдеу бағыты бойынша жүрген жауынгерлер iPhone 11 маркалы ұялы телефонды табады.

Телефонға иесінен қоңырау келіп түсті, әскери жасақ бастығы қатардағы Диас Қадырбеков өзінің тұрған жерін хабарлайды.

Иесі келгеннен кейін телефон оған қайтарылды. Телефон иесі жауынгерлерге және  5573 әскери бөлімінің жеке құрамына зор алғысын білдірді.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі