
5 тамыз кешкі мезгілде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қырағылық танытып, жас баланы тауып, «IPhone X» телефонын иесіне қайтарды.
Осы күні сағат 20:25 шамасында Атырау көпірінен Кенесары хан ескерткішіне дейінгі жолда әскери жасақ бастығы Сергей Феськов, патрульшілер қатардағы жауынгерлер Рустам Самарбаев пен Жандос Тұраров қызмет өткеру кезінде ересектердің қарауынсыз қалған кішкентай баланы көреді. Бірден патрульдік топ бастығы сержант А.Дәулетияровқа баяндап, баланың жақындарын іздестіреді. Көп ұзамай баланың анасын тауып, баласымен қауыштырады.
Сағат 23:30 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Александр Валиев, патрульшілер – Абылайхан Жанәбілов пен Виктор Сенченко «Махаббат» тұрғынүй кешені жанындағы Мәскеу көшесіндегі патрульдеу бағытында «Iphone» маркілі телефон тауып алады. Жасақ бұл жағдай туралы патрульдік топ бастығы аға сержант Н. Ұрынтаевқа хабарлайды. Кейін жауынгерлер телефон иесін анықтап, оған «айфонын» табыстайды.
Ұландықтардың көмегіне риза болған азаматтар қырағылық танытып, адал қызмет атқарғаны үшін сарбаздарға, сондай-ақ 5573 әскери бөлімінің басшылығына алғыстарын білдірді.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі