6679 әскери бөліміне – 55 жыл

6679 әскери бөліміне – 55 жыл

1967 жылы 29 шілдеде құрылып, Жауынгерлік Туға ие болған әскери бөлімнің  мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Мерейлі шараға бөлім ардагерлері мен жас жауынгерлер қатысты.

Алғашында айдауылдау батальоны болып құрылған әскери бөлім араға үш жыл салып, полк болып ұлғайды. Полктің жеке құрамы содан бері өзіне жүктелген міндетті абыройымен атқарып келеді. Бөлімнің жауынгерлері Отанға адал қызмет етуде аянып қалған емес.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы әскери қызметкерлер Павлодар өлкесінің тыныштығын қамтамасыз етуде борыштарын жауапкершілікпен орындауда деп нық сеніммен айтуға болады.

Салтанатты шарада қызметіне адалдық танытқан әскерилер мен еңбек сіңірген ардагерлер марапатталып, бөлім басшылығы тарапынан сый-сияпатқа ие болды.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі