“Кобальт — 2022”

“Кобальт — 2022”
Қырғызстан Республикасының Балыкчы қаласындағы "Эдельвэйс" таулы оқу орталығында ҚР Ұлттық ұланының "Б" арнайы мақсаттағы күштерінің қатысуымен "Кобальт-2022" тактикалық-арнайы оқу жаттығуы басталды.
 
Жаттығу ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын бірлесіп даярлау жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
 
Оған сондай-ақ жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіретін арнайы мақсаттағы күштердің құралымдары қатысуда.
 
Оқу-жаттығу барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің арнайы мақсаттағы әскерлерінің жиынтық топтары бандқұрылымдарды, террористік топтарды іздеу, бұғаттау және бейтараптандыру жөніндегі жаттығуларды және қолданбалы жедел-жауынгерлік міндеттерді орындайды. Сондай-ақ есірткі контрабандасының арналарын жабу және есірткі сақтау қоймаларын, өндіру зертханаларын табу және жоюды жүзеге асырады.
 
Оқу-жаттығу жоспары бойынша арнайы операцияны жоспарлау, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және әртекті күштер мен құралдарды басқару мәселелері бойынша жедел ден қою ұжымдық күштерінің жедел штабымен командалық-штабтық жаттығу көзделген.
 
Сонымен қатар, оқу-жаттығудың соңында түрлі қарудан ату бойынша жарыстар өтеді.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі