
Оралда «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің базасында Алматы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан шақырылған 200-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде ант берді.
Шараға құрметті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшылығы, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысы ІІД басшылығы, Орал гарнизонының әскери прокуроры, бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ жас сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты. Олар жас жауынгерлерді құттықтап, болашақта өз Отанының сенімді қорғаушысы болу үшін әскери борышын өте жауапкершілікпен өтуге шақырды.
Ант қабылдау рәсімінен кейін ата-аналар мен қонақтар әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысып, казарма, асхана мен клуб нысандарын аралап, жауынгерлер әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.
Салтанатты шара соңында әскери бөлім басшылығы мен сарбаздардың ата-аналары арасында кездесу өткізіліп, командирден толғандырған сауалдарға жауап алды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі