Алматы облысы Жетіген кентіндегі жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті.
Көшпелі отырыс ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың төрағалығымен өтті.
Әскери кеңес мүшелері ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтік-жауынгерлік қызметінің қорытындыларын, өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерінің тылдық қамтамасыз ету және әскери тәртіптің, құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелерін қарады.
Генерал-майор Еркін Ботақанов әскери кеңес шеңберінде тиісті қорытындылар жасап, қоғамдық қолдауды қажет ететін ұстанымдарды алға тарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық ұланды сандық және сапалық нығайту туралы тапсырмаларын орындау бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.
- Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әскерге қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды. Қоғамдық тәртіп, саяси және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігі сенімді қамтамасыз етілді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету жүзеге сапалы асырылды. Сонымен бірге, қайғылы қаңтардағы оқиғалар әскерді дамыту саясатына түзетулер енгізу қажеттігін көрсетті, - деді Бас қолбасшы.
Шілдеде Мемлекет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығарып, Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметіне жоғары баға берген болатын.
Құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшысы әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде сақтауға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, жауынгерлік қызмет міндеттерін сапалы орындау, жауынгерлік оқу қарқындылығын арттыру, әскери тәртіпті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту және кәсіби кадрларды даярлау жүйесін үнемі жетілдіру қажеттігіне тоқталды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі