
Елорда күнін мерекелеу кезінде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздары кәмелетке толмаған төрт баланы тауып, туыстарына қайтарды.
6 шілде күні сағат 18.30 шамасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау қызметі кезінде Есіл өзенінің жағалауындағы «Кенесары хан» ескерткішінің жанында патрульдік топ бастығы сержант Ғалымжан Таңатаровқа ер адам жақындап, адасып қалған баланы көргенін айтады.
Ол үстіне ақ футболка, басына «Өрмекші адамның» суреті бар панама киген 3 жасар баланың жылап жүргенін жеткізді. Шұғыл ақпарат байланыс желісі бойынша Ұлттық ұланның барлық әскери жасақтарына таратылды. Ұландықтар ақпаратты алған бойда баланың ата-анасын табуға кіріседі. Патрульдік топтың бастығы адамдар көп шоғырланған топ ішіне кіріп, тобына қарай бет алды.
Сол күні жарты сағаттан кейін әскери жасақ бастығы қатардағы Павел Темнов қарамағындағы сарбаздармен бірге жағалаудағы тыныштықты қадағалау кезінде жылап жүрген 5 жастағы қызды байқады.
Күзетшілер бұл туралы патрульдік топ бастығына және сол маңдағы ұландықтарға хабарлайды. Сондай-ақ, жақын жерде өнер көрсетіп жатқан әртістерден қыздың адасқанын және белгілерін микрофон арқылы хабарлауды өтінеді.
Кейінірек қыздың анасы келіп, әскери жасаққа қырағылықтары мен мұқият қызметтері үшін алғысын білдірді.
Бұдан бөлек, сол күні тағы екі баланың ата-анасы жоғалған балаларын тауып беруді өтініп, жауынгерлердің көмегіне жүгінген. Әскери қызметшілердің шебер және батыл әрекеттерінің арқасында балалар ата-аналарына қайтарылды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі