
2 шілде күні Көкшетау қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5510 әскери бөлімінің сарбаздары сағат 21.20 шамасында Ғабудллин-Құдайбердиев көшелерінің қиылысында мас күйдегі 1976 жылғы азаматты тоқтатады.
Жүріс-тұрысы күмәнді көрінген азаматты тексеру кезінде қалтасынан пышақ табылды. — Қызмет атқару кезінде бізді көре салып бой тасалаған азаматтың әрекеті сезікті көрінді. Демек, бір жасыратыны бар болуы керек деген оймен тексергенбіз.
Қалтасында пышағы бар екен, - дейді әскери жасақ бастығы сержант Руслан Күлмағанов. Көкшетау қаласының полиция департаментінде аталмыш оқиға бойынша тәртіп бұзушының үстінен тергеу істері басталды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі