POLISIA.KZ: ІІМ-нен ақпарат алу мүмкіндігі артты

POLISIA.KZ: ІІМ-нен ақпарат алу мүмкіндігі артты

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөіндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі тұрғындармен тиімді диалог құру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпараттардың мол ағыны ішінде оның нақтылығы маңыздыды рөл атқарады. Сондықтан ІІМ тұрғындар мен БАҚ үшін өзінің https://polisia.kz/  ақпаратттық порталын іске қосты.

Бұл ресурста оқиғалар, төтенше жағдайлар, фактілер туралы жедел, ең бастысы ресми ақпараттар орналастырылады. Қылмыстар туралы күнделікті мәліметтер, сондай-ақ өзекті тақырыптар және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер беріледі.

Порталда сондай-ақ ішкі істер органдары қызметі туралы пайдалы ақпараттық анықтамалықтарды табуға болады немесе «Сұрақ-жауап» айдарынан ала аласыз.

Оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды көзбен көргендер фото және бейнематериалдарын «Мен оқиғаның куәгерімін» айдарына жолдай алады. Әрбір жағдайды полиция қызметкерлері тиісті шара қабылдау үшін мұқият зерделейді.

«Полицияның міндеті тек тыңдау емес, жаңа жағдайларға және біздің азаматтарымыздың талабына сәйкес болуы қажет. Тұрғындармен күнделікті өзара және кері байланыс азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырып, халықтың сенімінен шығуға мүмкіндік береді», –деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев. Бұдан соң ол ІІМ-нің барлық қызметтеріне және өңірлік бөліністеріне ведомствоның жаңа ресурстары арқылы тұрғындарды жедел ақпараттармен қамтамасыз етіп отыруды тапсырды.