
2020 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығына (Алматы облысы, Жетіген ауылы) Парламент Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев келді.
Сапар барысында халық қалаулысы Орталықтың негізгі тапсырмалары, бөлімнің инфрақұрылымы, казармалық тұрғын үй қоры, оқу-материалдық техникалық базасының жай-күйі және даму жоспары, сондай-ақ жауынгерлік зона нысандарының жарақтандырылуымен танысты. Айта кету керек, Орталықта Ішкі істер министрлігі және Ұлттық ұлан бөлімшелерімен қатар басқа да күш құрылымдардың қызметкерлері практикалық дайындықтан өтеді.
Кездесу соңында Орталықтың іс-әрекетін сапалы қамтамасыз ету бойынша проблемалық сұрақтар талқыланды.