Ұлттық ұланда 138 әскери қызметші сержанттар корпусын толықтырды

Ұлттық ұланда 138 әскери қызметші сержанттар корпусын толықтырды

Ұлттық ұланда сержанттар корпусына кіру рәсімдері өтті. Арнайы даярлық бағдарламасынан өткен еліміздің әр өңірінен келген 138 әскери қызметшіге "кіші сержант"Бастапқы әскери атағы берілді.

Оқуда және жауынгерлік даярлықта үздік нәтижелер көрсеткен, көшбасшылық қасиеттерін көрсеикен, сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқару қабілеті, сондай-ақ ұйымдастыра білу қабілеттерін көрсеткен бөлімше командирлері қызмет өткеру орындарында кіші командалық құрамның әскери шенін алды.

Ұлттық ұланның Бас сержанты I сыныпты сержант Максим Ізтілеуовтың айтуынша, сержанттарды офицерлердің алғашқы көмекшілері деп атау кездейсоқтық емес.

- Аталған әскери қызметшілер 6654 әскери бөлімінде сержанттарды даярлаудың екі айлық оқыту курстарынан өтті. "Оңтүстік", "Батыс", "Орталық", "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтары мен елордалық 5573 және 6636 әскери бөлімдердің 138 әскери қызметшісі кіші командирлер курсын аяқтай алды. Оның ішінде 17 үздік атанды. Енді олардың міндеті-тәртіпті, атқарушы, физикалық тұрғыдан мықты, қару-жарақты жақсы білетін тәртіп сақшыларын дайындау. Өйткені, сержанттар-бұл командирлердің буыны, ол сарбаздарды ең тиімді түрде тәрбиелейді, – дейді Ұлттық ұланның бас сержанты.

3517 әскери бөлімінен (Курчатов қ.) келген кіші сержант Шалқарбек Ахмедов бастапқы әскери атағын алғанына және болашақта елдің мүдделерін кез келген уақытта қорғауға қабілетті жауынгерлердің дайындайтынына қуанышты.

- Біз Отан алдындағы әскери борышымызды мүлтіксіз орындауға тиіспіз. Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік әрекеті біздің мемлекет үшін өте маңызды. Мен командирлердің кез-келген бұйрығын орындауға дайынмын, бағыныштыларды өз міндеттерін үлгілі орындауға шебер бағыттаймын. Өйткені, жеке құрам үшін ең бастысы – үнемі әскери тәртіпті және моральдық-психологиялық жағдайды оқытумен және қолдаумен айналысу, - дейді кіші сержант Ш.Ахмедов.

Ұлттық ұланда жауынгерлік даярлыққа, оның ішінде әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Ал кіші командирлердің маңыздылығы жеке құрам арасында әрқашан жоғары болмақ. Командирлердің бірінші көмекшісі болып саналатын сержанттар корпусы үнемі әскерлердің назарында болады. Сондықтан сержант білікті ұстаз және тәрбиеші болуы керек, ол барлық жерде сарбазға қамқорлық жасауға міндетті.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі