9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісі, қызметкерінің күні

9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісі, қызметкерінің күні

Дәл осы күні арнайы мақсаттағы бөлімшелер жауынгерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленгені кездейсоқ емес. 2016 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Преизидентінің шешімімен еліміздің қауіпсіздік Кеңесі жанынан мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің Үйлестіру кеңесі құрылған болатын.

Бұл мереке еліміздің тұтастығы мен конституциялық құрылымын қорғауда қаза тапқан арнайы мақсаттағы бөлімшелер қызметкерлері мен бүгінгі таңда сапта жүрген жауынгерлерге көрсетілген  айырықша құрмет болып табылады.

Ұлттық ұланда арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшелері бар. Олар әскердің элитасы болып саналады.

Арнайы мақсат жауынгерлерінің ерекше тапсырмаларды орындау кезіндегі ержүректілігі аға буын өкілдерінің жылдап жинаған тәжірибесін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты көрсетеді. Жауапкершілік жүгі басым кәсіп иелерінің жауынгерлік дәстүрі мен шеберлігін айқындайды.

Олар қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде ержүректілік пен жанқиярлылығы, батылдығы мен жедел әрекет етулері арқылы өз атауларына лайықты екендерін көрсетіп келеді. Өткен жылдар ішінде сайыпқыран әскери қызметшілердің көбі жауынгерлік тапсырмалар мен арнайы операцияларда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін   мемлекеттік наградалармен марапатталды.