
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге орай Нұр-Сұлтан қаласында патриоттар форумы өтті, оған көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар қатысты. Форумға барлығы 1500-ге жуық делегат жиналды.
Форумда "Ғылым және білім", "мәдениет және спорт","өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы", "Технология және бизнес" бағыттары бойынша"Жыл патрио "Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар" номинациясы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшісі, лейтенант Ұлан Мырзабай марапатталды. Марапатты батырға елорда әкімі Алтай Көлгінов табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлан Мырзабай Ақтөбедегі қаңтар оқиғалары кезінде Отан алдындағы борышын абыроймен орындады. Әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі митинг белсенділері Ұлттық ұланның әскери қызметшісін өз жағына тартуға тырысқаны туралы видео танымал болды. Алайда ұландық офицер үгітшілерге көнбей, антқа әскери антына адалдық танытты. Кейін Ұланның өзі мойындағандай, ол өзінің әрекетін ерлік деп санамайды және оның орнында Ұлттық ұланның әрбір әскери қызметшісі де солай істейтін еді. "Біздің әрқайсымыз өз қанымыз бен өмірімізді аямай, Отанды батыл және шебер, абыроймен қорғауға ант бердік. Еліміз біздің азаматтарымыздың қоғамдық қауіпсіздігін қорғауды сеніп тапсырды, менің ойымша, осы сенімге лайық болу керек. Мен өз Отаныма адал қызмет етемін, ант бердім және берілген бұйрықты орындауым керек", - дейді «Жыл патриоты» номинациясының жеңімпазы.