Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның елордадағы 5573 және 6636 әскери бөлімдерінде әскери қызметшілердің балалры және орта мектеп оқушылары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгін әскери қалашықтарға балалар мен олардың ата-аналары жиналып, ұландықтар дайындаған кшенді шараларды тамашалады.
Елордалық жедел құрамада өкен мерекелік іс-шараны Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов ашып, мереке иелері мен олардың жақындарын құттықтап, оларға отбасылық бақыт пен амандық тіледі.
- Құрметті балалар! Сіздерді бүгінгі тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Біз, ересектер, балалық шақтарыңызды жарқын, бақытты және ұмытылмас етуге тырысамыз. Сіздер – еліміздің ертеңісіздер. Өздеріңізге арнап көптеген іс-шаралар дайындадық. Бәіңізге жарқын блашақ тілеймін! - деді Халық Қаһарманы.
Әскери бөлімдерге танымал мультипликациялық және көркем фильмдердің кейіпкерлері келді, әскери қызметшілердің балаларына спорттық жарыстар ұйымдастырылды, өнерпаздарға сыйлықтар мен марапаттаулар табысталды.
Мереке иелері ойын байқауларына үлкен ықыласпен қатысты, сарбаздардның саптық даярлығын, кинологтардың тәртіп бұзушыны ұстау және есірткі заттарын іздеу кезінде қызметтік итті қолдана отырып көрсеткен көрсетілімдерін тамашалады. Тәтті-дәмділер мен балмұдақ жеп, қуанышқа бөлнді.
Бұдан бөлек, әскери бөлім алаңына әскери-бронды техника түрлері, әскери киім нысандары мен атыс қарулары – тапаншадан бастап, мерген мылтығына дейін орналастырылды. Балалармен қатар, олардың ата, ата-әжелері дер көрмені тамашалап, мамандардан қарулардың ерекшеліктерін сұрап, қызығушылық танытты.
Мереке соңында отбасылар арасындағы спорттық сайыстың, қағаз бен асфальтта сурет салу байқауының жеңімпаздарына грамоталар, барша балаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара мерекелік түскі аспен аяқталды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі