Елордалық ұландар қыздың көпірден секіру әрекетін тоқтатты

Елордалық ұландар қыздың көпірден секіру әрекетін тоқтатты

2 маусым сағат 12.15 шамасында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Сарайшық көшесінің бойындағы көпірден суға секірмек болған азаматшаны байқайды.  

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке шықан  әскери жасақ бастығы қатардағы Ерзат Нұрғалиев пен патрульшілер қатардағы Шон Қадұлрафик пен Фархад Апбазов алыстан көпірден секіргелі тұрған қыздың сұлбасын байқайды.

Қатардағы  Е. Нұрғалиев, жағдайды тез бағамдап, ысқырығымен дауытап қыздың назарын өздеріне аударады. Сол сәтте қасынан велосипедпен кетіп бара жатқан азаматта не болып жатқанын түсініп, көлігінен секіріп түседі де көпірдің шетінде тұрған қызды екі қолымен құшақтап ұстап қалады. Сол сәтте ұландық жауынгерлер де қастарына келіп, қызды қауіпсіз жерге шығарады.

Оқиғаға орнына келген патрульді топ бастығы кіші сержант Темірлан Рыстемір азаматшамен сөйлесіп, оны жұбата бастайды.  Жағдай қалпына келе бастағанда полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем оқиға орнына келеді.

Кейін белгілі болғандай 1991 жылғы азаматша өзінің жігітімен ұрысқан соң, осындай жанкешті қадамға барғысы келген. Қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда, велосипедпен жүрген азамат қарапайымдылық танытып, еш үндеймей үйіне кетіп қалады. Осылайша, оның кім екені  анықталмаған күйде қалды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі