
Екі-үш күн бұрын үйінен шыққан 1939 жылғы азаматша қайта оралмапты. Ол есін жоғалту дертімен ауратындықтан белгісіз жерге кетіп қалған екен. Хабарсыз жоғалып кеткен азаматшаны табу үшін Ұлттық ұланның 3517 әскери бөлімдерінің жауынгерлері тартылды.
Ұландықтар еріктілер мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздеу жұмыстарына кіріседі.
Үш күндік іздестірудің нәтижесінде әскери бөлімнің кинолог маманы сержант Сайран Нұрғалиев пен оның «Рая» есімді қызметтік иті Степногрск қаласынан 3 шақырым жерден, орманды жерден сипаттамаға келетін әйелді табады.
Азаматша мән-жайды анықтау үшін қаланың құзырлы мекемесіне жеткізіледі.
Әскери бөлімнің жауынгерлері қырағылық әрекеттері үшін жоғараы басшылық тарапынан марапаттауға ұсынылды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі