
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаза тапқан қатардағы жауынгер Досболдың Сапардың әкесі Еркінбек Әбдіқадыровқа жеңіл автокөліктің кілті мен сертификатын салтанатты түрде табыс етілді.
Ағымдағы жылғы 27-28 мамыр аралығында Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтіп, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командасы қатысқан болатын.
Аталған Турнир қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция және әскери қызметшілерді еске алуға арналды.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы турнир ұйымдастырушылары болып саналатын Ресей Федерациясы дзюдо ардагерлері Ұлттық одағының 2016 жылғы маусымда 6655 әскери бөліміне террористердің қарулы шабуылына тойтарыс беру кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесі Еркінбек Әбдікәдіровқа бағалы сыйлықпен яғни сертификатпен және жеңіл автомобиль кілттерімен марапаттау туралы бастамасын қолдады.
- Құрметті Еркінбек Сапарұлы, Қазақстанның бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін жас өмірін қиған біздің еліміздің нағыз патриоты – ұлыңыз Досболды тәрбиелегеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, РФ дзюдо ардагерлері ұлттық одағының басшылығына, Павел Бальский және оның өкілі "Атоком" ЖШС директоры Жұмажан Мұқатановқа қаза тапқан полиция және құқық қорғау әскерлері әскери қызметшілерінің ата – аналарына көрсеткен қамқорлығы мен назары үшін жеке алғысымды білдіремін, - деді Бас қолбасшы.
Айта кету керек, ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен әскери борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Досбол Сапар қаза тапқаннан кейін III дәрежелі " Айбын "орденімен марапатталған болатын.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі