Үлкеннің де кішінің де жақсы көретін мерекесінің бірі – жаңа жыл! Әсіресе балалардың қуанышы бір бөлек.
Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің балалары жаңа жылдық мерекені ерекше атап өтті. Әдеттегідей аяз ата мен ақшақар келіп көңілді кештің көркін қыздырды. Тақпақ айтқан, өнерлерін көрсеткен балғындарға алып келген сыйлықтарын үлестірді.
Балалар да шаттыққа бөленіп мәз болды. Бірі арнайы кейіпкерлердің киімін тігіп киген болса, енді бірі аяз атаның өзін сомдапты. Мерекелік кешке басқа да ертегі және мультфильм кейіпкерлері келді.
Балаларды қойып, ата-аналардың өзі ертегі әлеміне еніп кеткендей әсерде жүрді. Ең бастысы балалардың базарлығы болғаны жасырын емес. Кейбіреуі өздері жақсы көретін сыйлықты алған кезде қуаныштан секіріп айқайға баспасы бар ма?!
Ұландықтардың атқа қонарлары мен ізін жалғаушылардың жаңа жылдық мерекесі осындай жоғары деңгейде тойланды!